profile image
by kmc_kz
on 16/6/16
Құрметті достар,
біздің колл-орталыққа келіп түсетін кең тараған сауалдардың бірі «Арендалық төлем төлеу қалай жүзеге асырылады?» деген сұраққа жауапты назарларыңызға ұсынамыз.
Арендалық төлемді есептеу Келісім-шарт жасаған мерзімнен басталады. Жалгер бірінші айға арендалық төлемді Келісім-шарт жасағаннан кейін бес күннің ішінде төлеуге міндетті.
Келесі айларға арендалық төлемді Жалгер Төлемдер кестесіне сәйкес төлеуі тиіс.
Арендалық төлемге пайдалануға беру және коммуналдық қызметтері бойынша шығындар, сондай-ақ Тұрғын үйді күту, жөндеу бойынша шығындар және салықтар бойынша шығындар жатпайды, оны Жалгер уақтылы және дербес өз есебінен төлеуі тиіс.