#ҚДБжобалары
Қостанайда кондитерлік өндіріс кеңейтілуде. «Баян Сұлу» фабрикасы жобалық қуаттылығы жылына 9,5 тонна тәтті өнім болатын цех ашты. Вафля, печенье және крекерлердің үштен бірі экспортқа, негізінен Ресейге жөнелтіледі. Жоба «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты аясында #ҚДБ қолдауымен жүзеге асырылған.